ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да «Сарқынды суларды тазарту технологияларын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ алаңында «Сарқынды суларды тазарту технологияларын дамыту» тақырыбында мемлекеттік органдардың, даму институттарының және суды тазарту технологияларын жеткізуші компаниялардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді
26
февраль

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығының тапсырмасы бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ алаңында «Сарқынды суларды тазарту технологияларын дамыту» тақырыбында мемлекеттік органдардың, даму институттарының және суды тазарту технологияларын жеткізуші компаниялардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында хлореллаларды және биологиялық тазартудың басқа да түрлерін қолдана отырып, сарқынды суларды тазарту технологиясын дамыту перспективалары талқыланды.

Сарқынды суды биологиялық тазартудың бірінші технологиясын «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС директоры Александр Рейбандт ұсынды. Бұл технологияны Петропавл қаласында және Қостанай қаласында рекреациялық су қоймаларының «су түсінің өзгеруі» мен иісін жою үшін қолданғаны айтылды.

Дөңгелек үстелде сарапшылар Петропавл қаласының «Қызылжар Су» ЖШС су арнасының бас инженері Ербол Нәбиев пен «Қостанай-Су» МКК директорының бірінші орынбасары Ануар Ескатов технологияны қолдану нәтижелеріне оң баға берді.

Сондай-ақ, іс-шарада Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры Қайрат Оспанов өңірлерде КТҚ-да білікті кадрлардың жетіспеушілігі, ластанудың нақты жағдайларын ескере отырып, жоғары технологиялық КТҚ салу қажеттілігі және қолданыстағы КТҚ-да суды толық тазарту іс-шараларын қаржыландыру қажеттілігі мәселелерін қозғады. Өз кезегінде, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Гүлнар Терлікбаева сарқынды судың халықтың денсаулығына әсер етуінің маңыздылығын атап өтті.

Одан кейін «Красная звезда» компаниясының директоры Андрей Кусовтың сарқынды суларды тазартудың физика-химиялық әдісін енгізу перспективаларын таныстырды.

Сарапшылар қауымдастығы ұсынылған технологияларға жақсы баға берді, алайда оларды қоршаған ортаға, оның ішінде флора мен фаунаға әсеріне ерекше назар аудара отырып қолдану қажет екендігін айтты. Бұндай жағдай экожүйе үшін технологиялардың әсерін дұрыс пайдаланбаған немесе жеткілікті түрде бақыламаған жағдайда туындауы мүмкін потенциалды жағымсыз салдарларға байланысты болуы мүмкін.

Бұл осы технологияларды тұрақты және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қосымша зерттеулер жүргізудің және қатаң реттеулерді әзірлеудің маңыздылығын көрсетеді. Сондай ақ жаңа технологияларды енгізу стратегияларын әзірлеу және олардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту мақсатында мониторинг жүргізу кезінде сарапшылардың пікірін ескеру қажет.

«ТКШ ҚазОрталығы» бұдан кейін де тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым саласындағы өзекті тақырыптар бойынша сарапшылар қауымдастығының осындай кездесулерін өткізуге дайын және а. ж. 28 ақпанда сарапшылардың, даму институттары мен технология өндірушілерінің қатысуымен «Қазақстанның сарқынды суларын тазартуға арналған мембраналық технологиялар: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыруды жоспарлап отыр.