ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ Қазорталық» АҚ «ВАГ Арматурен Рус» ЖШҚ кәсіпорнына іссапар жасады
2025 жылғы 18–19 желтоқсан аралығында – «ТКШ Қазорталық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ишқалиев А. Ш. «ВАГ Арматурен Рус» ЖШҚ өндірістік алаңына іссапармен барып, кәсіпорынның өндірістік әлеуетімен танысты және коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртудың ұлттық жобасына бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
19
декабрь

Іссапардың мақсаты - зауыттың өндірістік циклымен егжей-тегжейлі танысу, шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін нақтылау, сондай-ақ Қазақстандағы «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында өзара ықпалдастық бағыттарын айқындау болды.

2009 жылдан бастап «ВАГ Арматурен Рус» ЖШҚ - су жабдықтау, су бұру және энергетикалық жүйелерге арналған ысырма-реттеу арматурасын өндіретін әлемдік жетекші VAG Group халықаралық компаниясының Ресей Федерациясындағы жалғыз ресми өкілі болып табылады.

«ВАГ Арматурен Рус» ЖШҚ - су жабдықтау, су бұру және канализация жүйелеріне арналған құбыр арматурасын шығаратын заманауи кәсіпорын.
Өнім түріне: VAG компаниясының құбыр арматурасы желісі кіреді, ысырмалар, дискілі жапқыштар, қайтару клапандары, қысымды реттегіштер және ауа клапандары. Кәсіпорында ірі қойма қорының болуы тапсырыстарды жедел орындауға және жеткізілім жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Іссапар барысында зауыттың өндірістік учаскелерімен танысып, өндірісті жергіліктендіру, су жабдықтау және су бұру саласындағы заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ VAG жабдықтарын инфрақұрылымдық нысандарда пайдалану мүмкіндіктері егжей-тегжейлі қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар техникалық тәжірибе алмасуға және VAG шешімдерін қолдану арқылы инженерлік желілерді жаңғырту жобаларын бірлесіп пысықтауға өзара мүдделілік білдірді.