ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» мен «RELINEEUROPE GmbH» (Германия) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін траншеясыз санациялау саласындағы технологиялар трансферті туралы меморандумға қол қойды
Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті басшылығының тапсырмасы бойынша, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») атынан Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев және «RELINEEUROPE GmbH» атынан Бас директор Марк Штибинг Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
24
декабрь

         «RELINEEUROPE GmbH», Германияның осы саладағы жетекші компанияларының бірі болып табылады, бір-бірін өте жақсы толықтыратын компоненттері бар толық санация жүйесін ұсынады, атап айтқанда: бірегей конструкциясы бар шыныпластикалық түтік құбыры және оны қатайтудың инновациялық технологиясы.

          Құжатқа сәйкес, «ТКШ ҚазОрталығы» мен «RELINEEUROPE GmbH» бірге күш сала отырып, Қазақстанға технологиялардың потенциалды трансфертін (технологияны әлеуетті оқшаулау және масштабтау) іске асыруға, қысымды құбырларды траншеясыз санациялауды енгізу жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеуге, пилоттық жоба жүргізуге, сондай-ақ мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге ниетті.

«ТКШ ҚазОрталығы», қол жеткізілген уағдаластықтар сәтті іске асырылған жағдайда, осындай технологияларды қолданатын қазақстандық кәсіпкерлерге негізгі компоненттерді импортты алмастыруда нақты көмек көрсетеді, бұл іске асырылатын жобалардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құбырларды ауыстырудың дәстүрлі ашық әдісімен салыстырғанда траншеясыз технологиялар барлық жер үсті инфрақұрылымын (жол жабыны, балалар қалашықтары, ағаштар, көгалдар және т.б.) сақтауға мүмкіндік беретінін және сонымен қатар өндіруші өз өнімдеріне 50 жылдық кепілдік беретінін атап өткен жөн» - деп айтты «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев.