ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Министрлік пен ЕҚДБ кәріз-тазарту құрылыстарының жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кездесуі аясында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен кәріз-тазарту құрылыстарының жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
15
декабрь

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кездесуі аясында Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен кәріз-тазарту құрылыстарының жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда республиканың 89 қаласынан 27 қалада кәріз-тазарту құрылғылары жоқ, 42 қалада тозу 60% - дан асады.

69 қалада кәріз тазарту құрылғыларын салу мен реконструкциялауды іске асыру әртүрлі қаржыландыру көздері есебінен болады, оның ішінде 4 жоба (Ақтөбе, Қарағанды, Тараз және Риддер қалалары) ЕҚДБ-ның ұлттық валютадағы қарыз қаражаты есебінен, өтеу мерзімі 15 жылға дейін, 3 жылдық жеңілдікпен іске асырылатын болады КТҚ салу/ реконструкциялау кезеңіне негізгі борышты өтеу жөніндегі кезең.

МҚҰ қарыздарын қайтару жергілікті және республикалық бюджеттерден тарифтер мен субсидиялардың жыл сайынғы өсуі есебінен жоспарланады.

Талқылау қорытындысы бойынша ЕҚДБ КТҚ-ның 8 жобасы бойынша қосымша қарыз қаражатын беруге ниетті.

Осыған орай Ақтөбе қаласындағы КТҚ жобасы ЕҚДБ іске асырудың пилоттық жобасы болатынын атап өткен жөн. Ақтөбе пилоттық жобасынан кейін Министрлік ХҚҰ, ірі инвесторлар және басқа да көздерді қоса алғанда, әртүрлі қаржыландыру көздері арасында КОС жобаларын одан әрі ықтимал бөлуді және қайта бөлуді қарастырады.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі