ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ТКШ ҚазОрталығы Әлеуметтік тұрғын үй құрылысы концептісін бірлесіп дайындау туралы меморандумға қол қойды
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») және «Q88» аумақты орнықты дамыту қауымдастығы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев пен Қауымдастық төрағасы аан Әукенов қол қойды.
14
декабрь

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») және «Q88» аумақты орнықты дамыту қауымдастығы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев пен Қауымдастық төрағасы аан Әукенов қол қойды.

Қазақстанның кеңістіктік дамуының ағымдағы мәселелері туралы нәтижелі пікірталас барысында тараптар ТКШ жаңғырту, орнықты даму саласындағы стратегиялық құжаттарды дайындау және экономиканың жасыл моделіне көшу бойынша ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ әлеуметтік тұрғын үй құрылысы концептісін бірлесіп қалыптастыру және қаланы абаттандыру ісіне енгізу бойынша ынтымақтастыққа келісті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.

 

«Q88» аумақты орнықты дамыту қауымдастығы 2021 жылы аумақтарды басқарудың озық технологиялары мен практикаларын кеңінен енгізуге жәрдемдесу арқылы Қазақстанның орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету миссиясымен құрылған, нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және ілгерілетеді, негізгі стейкхолдерлерді оқытуды жүргізеді, сондай-ақ халықаралық және отандық әріптестермен бірлесіп түрлі салаларда «пилоттық» жобаларды іске асырады. Қауымдастық өз қызметі шеңберінде мемлекеттік сектормен, бизнеспен, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтасады.

Өткен екі жылда Қауымдастық қалалық кеңістіктерді басқару модельдерін трансформациялауға, сондай-ақ Ақкөл, Ақтау, Атырау, Жаңаөзен, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларын дамытудың жаңа тұжырымдамаларын қалыптастыруға бағытталған бірқатар жобаларды іске асырды; Қазақстан аумақтарын кешенді дамытудың мемлекеттік стандартын әзірледі және қабылдауды қамтамасыз етті; жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін заманауи қалалық басқару практикасына оқыту бағдарламасын іске асырды; «Vision Zero» және «Инклюзивті қала» жобаларын енгізуге бастамашы болды.