ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Ақтөбе қ. КТҚ құрылысын іске асыру
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ақтөбе қ. кәріз тазарту құрылыстарын салудың пилоттық жобасын іске асырудың басталғаны туралы хабарлайды
13
декабрь

ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ақтөбе қ. кәріз тазарту құрылыстарын салудың пилоттық жобасын іске асырудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жобаны іске асыру Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) ережелерімен мердігерді таңдау бойынша екі кезеңдік конкурстық процедураларды ұйымдастырумен мемлекеттік кепілдікпен берілетін ЕҚДБ қарызы есебінен жоспарлануда.

Осыған байланысты бизнес өкілдерін қазіргі уақытта ЕҚДБ клиенттерінің электрондық сатып алу порталында жарияланған Ақтөбе қ. кәріз тазарту құрылыстарын жобалау мен салуға арналған конкурсқа қатысуға шақырамыз (ECEPP) ecepp.ebrd.com. Жобаның негізгі сипаттамалары:

  • Елі-Қазақстан
  • Бизнес секторы – Еуразия инфрақұрылымы
  • Келісімшарт түрі - Жұмыс
  • Жоба коды - 53958
  • Тендер нөмірі – 28514581
  • Тендер атауы - Қосалқы ғимараттары мен құрылыстары бар жаңа сарқынды суларды тазарту станциясын жобалау және салу
  • Тапсырыс берушінің атауы – «Ақтөбе су энерджи групп» АҚ
  • Хабарландыру түрі - Екі кезеңдік сауда-саттыққа қатысуға шақыру
  • Сатып алу сипаты – Жұмыс
  • Жарияланған күні - 02/12/2023
  • Шығарылған күні - 04/12/2023
  • Жабылу күні - 07/02/2024

  Конкурсқа қатысу үшін тіркелгеннен кейін сайтта толық ақпарат пен құжаттама пакеті қолжетімді болады.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыруға болжанатын КТҚ жобаларының операторы болып айқындалған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ға жүгінуді сұраймыз.

Шингазиева Макка +7701 712 4680, m.shingaziyeva@zhkh.kz

     Әнуарбек Әмре +7701 609 4063, a.anuarbek@zhkh.kz