ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ТКШ ҚазОрталығы COP 28-де METITO ҰАК-пен келісімге қол қойды
30 қарашада Дубайда БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP28) тараптарының 28-ші конференциясы басталғаны белгілі, оған әлемнің 190-нан астам елінің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ғалымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты
04
декабрь

30 қарашада Дубайда БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы (COP28) тараптарының 28-ші конференциясы басталғаны белгілі, оған әлемнің 190-нан астам елінің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ғалымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Осы конференция аясында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ КIDF және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, Metito Utilities Limited (бұдан әрі - Metito) компаниясымен Көкшетау қаласында кәріз тазарту құрылысын (бұдан әрі - КТҚ) салу жобасы бойынша принциптер туралы келісімге қол қойды, Metito компаниясының негізін қалаушы Mutaz Ghandour мырзамен қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру бойынша келіссөздер жүргізілді, қазақстандық делегация компанияның жұмыс істеп тұрған КТҚ-на барып, құрылыс және басқару тәжірибесімен танысты.

Айта кетерлігі, осы жылдың қыркүйек айында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, Көкшетау қаласының әкімдігі мен Metito компаниясы арасында Негіздемелік келісім жасалды, оған сәйкес Metito компаниясы «Жобалау - салу – пайдалану – беру» механизмі бойынша Көкшетау қ. КТҚ пилоттық жобасын одан әрі іске асыру үшін өзінің инвестициялық ұсынысын дайындау мақсатында өз есебінен зерттеулер жүргізеді.

Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық кәріз жүйелерін жаңғыртуға және дамытуға ықпал ететін жоғары білікті мамандар мен озық технологияларды тартуға мүмкіндік береді. Metito сияқты халықаралық компаниялардың әлемнің түрлі елдерінде жұмыс тәжірибесі мол және Қазақстанның сарқынды суларды тазарту саласындағы мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын.

Metito компанияларының өкілдері КТҚ жобаларын дайындау және іске асыру және неғұрлым тиімді және орнықты шешімдерді бірлесіп әзірлеу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге өздерінің дайындығын растады.

Қазіргі уақытта «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, KIDF, Metito және Көкшетау қаласының әкімдігі бірлесіп Жобаның жол картасын әзірлеуде.

Сондай-ақ, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында қазіргі уақытта сарқынды суларды тазарту және оларды қайталама пайдалану саласында басқа да әлемдік көшбасшылармен келіссөздер жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.