2023 жылғы 16 наурызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қатысуымен облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының концептуалды түзетулері туралы» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті 2023 жылғы 15 наурызда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары таныстырылып, талқыланды.
Заңда ҚР 9 Заңына 164 түзету қарастырылған («Тұрғын үй қатынастары туралы», «Нотариат туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»).
Талқылау барысында тұрғын үй заңнамасы саласы жөнінде туындайтын және өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.