Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен жиынға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары А.Таубаев, облыстық ЭжТҮКШ басқармасы, қала, аудан әкімінің орынбасалары сонымен қатар, Жобалық офистің 2ББ, Атырау облыстық ТҮКШ басқармасының өкілі де қатысты.
Сөз кезегін алған орталық өкілдері, Н.Серіков пен М.Абдыкаримов тұрғын үй заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер және Басқарудың жаңа нысандарына көшу жұмыстарын жүргізудегі негізгі кемшіліктері бойынша, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару және ТКШ саласындағы цифрландыру бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, іссапармен келген Атырау қаласының, орталықтың өкілдері кездесуді Жобалық офисте жалғастырып, Офистің жұмысымен және қызметкерлерімен танысты. Бірқатар мәселелерге талқылау жасап, EasyProject жүйесінде жобаларды бақылаудың және жүзеге асырудың жаңа әдістері көрсетілді.