ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Е-Шаңырақ Мемлекет басшысына таныстырылды
Ағымдағы жылғы 27 қазанда Digital Bridge халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысына тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған түрде жинау және сақтау жүйесі (Е-шаңырақ) таныстырылды.
27
октябрь

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Б. Атамқұлов Е-шаңырақ күрделі жөндеуге жататын көппәтерлі тұрғын үйлер, коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі, су мен жылуды есепке алуды аспаптандыру, коммуналдық қызметтер жұмысының тиімділігін талдау және т. б. бойынша деректерді қамтитынын айтты.

Қазірдің өзінде іске асырылған жүйенің арқасында тұрғын үй қоры деректерінде айырмашылықтар анықталды. Мәселен, жергілікті атқарушы органдардың ел бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің саны жөніндегі берген деректерінің өзге мемлекеттік жүйелердің деректерінен айырмашылығы бар. Е-шанырак ескі және апатты үйлердің, сондай-ақ күрделі жөндеуді қажет ететін үйлердің саны бойынша дұрыс деректерді қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлерді 100% түгендеу мен техникалық бағалауды жүзеге асырады.