Ынтымақтастықтың мақсаты болып табылады:
- кәсіби бірлестіктер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды дамыту;
- энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру бойынша күш-жігерді шоғырландыру;
- тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында цифрлық және инновациялық шешімдерді ілгерілету;
- тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ кәсібилендіруге жағдай жасау.
Осыған байланысты қолданыстағы Меморандумдарды бұзу бастамасы көтерілді, өйткені жаңа Меморандум әзірленуде.
Бірыңғай Меморандум нысаны мен өтінімдерді қабылдау үшін сілтеме жақын арада жарияланатын болады.