2025 жылғы 23 сәуірде «ТКШ ҚазОрталығы» акционерлік қоғамында Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі ұйымдастырған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Іс-шара барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде тіркелген соңғы үш жылдағы әкімшілік тәжірибе бойынша мәліметтер ұсынылды. Қатысушылар комплаенс қызметтерінің негізгі міндеттерімен және олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды рөлімен таныстырылды. Сондай-ақ 2020 жылдан бастап квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін құрудың заң жүзінде міндеттелгені атап өтілді. Мұндай қызметтер жемқорлық тәуекелдерін анықтап, алдын алу шараларын жүргізуге және адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Семинар барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметімен байланыс арнасы туралы ақпарат берілді. Бұл ақпарат Қоғамның ресми сайтында да орналастырылған.
Аталған семинар квазимемлекеттік секторда ашықтық, әділдік және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.