ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Азия-Тынық мұхиты аймағы және Шығыс Еуропа бойынша NDC Partnership аймақтық менеджері Део Габинет мырзамен кездесу өтті
Кездесуге NDC Partnership Азия-Тынық мұхиты және Шығыс Еуропа, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, сондай-ақ «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері қатысты

Кездесуге NDC Partnership Азия-Тынық мұхиты және Шығыс Еуропа, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, сондай-ақ «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) жаңғыртуды зерттеу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Бұдан басқа, сарқынды суларды қайта пайдалану мақсатында зерттеуге гранттық қаражат тарту, сондай-ақ КТҚ-ны реконструкциялауға және салуға қаражат тарту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, іс-шараның негізгі мақсаттары ел бойынша КТҚ-ға қызмет көрсететін кәсіпорындардың инженерлік-техникалық қызметкерлерін оқыту және тәжірибе алмасу мүмкіндігі болып табылатынын атап өткен жөн.

Осы кездесу барысында NDC Partnership Ұлттық деңгейде айқындалатын үлестер серіктестігі миссиясы шеңберінде жоспарланған жобаларды зерттеуде Қазақстанға техникалық және сараптамалық көмек көрсететін болады.