ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының жағдайында тазартылған сарқынды суларды және қалдық тұнбаны қайталама пайдалану саласындағы стратегияны әзірлеу жөніндегі шаралар
2024 жылғы сәуірде тазартылған сарқынды суларды және қалдық тұнбаны қайталама пайдалануға арналған Қазақстан Республикасында сарқынды суларды басқару жөніндегі вебинар өтті
30
апрель

2024 жылғы сәуірде тазартылған сарқынды суларды және қалдық тұнбаны қайталама пайдалануға арналған Қазақстан Республикасында сарқынды суларды басқару жөніндегі вебинар өтті. Вебинарды «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ 2030WRG бағдарламасының жетекшісі Майкл Джон Уэбстердің модераторлығымен Дүниежүзілік банктің 2030 су ресурстары тобымен бірлесіп ұйымдастырды.

Мемлекет басшысының су ресурстарын ұқыпты және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында осы іс-шарада Қазақстан жағдайында сарқынды сулар мен қалдық тұнбаларды қайталама пайдалану бойынша кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі мәселелер мен нақты ұсынымдар талқыланды.

Талқылауға шақырылған баяндамашылар – сарқынды суларды басқару саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар, соның ішінде Сингапурдың Ұлттық су ресурстары агенттігінің Public Utilities Board докторы Уинсон Лей қатысты; AdP Valor (Águas de Portugal Group) президенті Ана Маргарида Луис; Үндістанның Ченнай қаласындағы сумен жабдықтау және кәріз жөніндегі кеңесінің атқарушы инженері Джайшанкар мырза. Сарапшылар өз аймақтарындағы сарқынды суларды басқару тәжірибесімен, сондай-ақ тазартылған сарқынды суларды және қалдық тұнбаларды қайталама пайдалану саласындағы қолда бар технологиялармен бөлісті. Олар экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа баса назар аудара отырып, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін басқару бойынша атқарып жатқан жұмыстарын айтып өтті.

Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Инвестициялар жөніндегі аға маманы Сумит Шукла сарқынды суларды басқару жөніндегі жобаларды дамыту бойынша жеке баяндама және негізді ұсыным жаса. Ең жаңа технологиялық шешімдерді пайдалану, оңтайлы пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ сенімді іске асыру жүйесін қоса алғанда, тұрақты жобаларға қойылатын талаптар тізімделді. Дүниежүзілік банк тобының әлеуетті қолдауын талқылай отырып, жеке сектордың қатысуымен тазарту құрылыстарын дамытудың қажеттілігі атап өтілді.

Тараптар Қазақстанның сарқынды суларды басқару секторын жаңғыртуға және қалдық тұнбаны тиімді пайдалануға күш салудағы ынтымақтастығы мен өзара қолдауына қызығушылық танытты. Әрі қарай бірлескен талқылаулар вебинар барысында ұсынылған идеяларды іске асыруға байланысты мүмкіндіктер мен проблемаларды анықтауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банк тобымен бірлесіп іске асырылатын «Қазақстан жағдайында тазартылған сарқынды суларды және қалдық тұнбаны қайталама пайдалану саласындағы стратегия» жобасы бойынша «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның жұмыс тобы құрылды. Жобаны одан әрі талқылау және пысықтау осы жұмыс тобы және әртүрлі мүдделі тараптардың қатысуымен құрылатын Көпжақты платформа шеңберінде өтетін болады.